Қазақстанның көлік кешені - География - Рефераты - File Catalog - Рефераты на казахском
Рефераты на казахском

File Catalog
Меню сайта
Категории каталога
Биология [12]
БухУчет, Аудит, Налоги [0]
География [11]
Информатика [7]
История Казахстана [0]
Казахский язык [0]
Культура [0]
Литература [0]
Международные отношения [0]
Технические [0]
Философия [0]
Химия [0]
Юриспруденция, право [0]
Экология [0]
Экономика, финансы [0]
Форма входа
Поиск
Друзья сайта
Наш опрос
Что нужно добавить на сайт?
Всего ответов: 2114
Главная » Файлы » Рефераты » География

Қазақстанның көлік кешені
[ Скачать с сервера (191.5Kb) ] 2009-03-13, 4:24 AM
Көлік кешені – экономиканың инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың бірі. Археологиялық деректемелер неолит заманынан бастап көліктің шаруашылық салаларына ене бастағанын байқатады. Көне обалардан табылған әбзел қалдықтары малдың көлік ретінде ежелден-ақ пайдаланылғанын көрсетеді. Ежелгі заманнан келе жатқан көлікке негізінен жегін малы мен мініс малы: түйе, жылқы, қашыр, құлан, есек, сиыр, бұғы, ит, т.б. жатады. Әрбір көлік малының тұрмыстық-шаруашылық жұмыстарда қолданылуы оның табиғи ерекшеліктеріне байланысты болды. Мініс малы көне замандардан бері шөл далалы, орманды, батпақты, таулы-қыратты жерлерде негізгі көлікке айналды. Жегін малы арба, күйме, шана сияқты көлік құралдарына жегіліп, жолаушы, жүк тасымалдауға, көшіп-қонуға пайдаланылды. Мұндай көлік түрлерінің біразы ежелгі Мысырда, Вавилонда, т.б. жерлерде б.з.б. 3-мың жылдықта қолданылғанын тарихи-археологиялық деректер дәлелдейді. Әскери арбалар шығыстағы ежелгі мемлекеттерде соғыс кезінде кеңінен пайдаланылды. Әскери және жүк арбалардың тасқа қашап салынған суреттері Қаратау өңірінен де табылды. Қазақстан жеріндегі жергілікті халықтың ежелгі тұрмысын көрсететін петроглифтерде немесе басқа да археологиялық бұйымдарда, ескерткіштерде көлікке қатысты деректер көптеп кездеседі. Әсіресе көшпелі қазақтардың тұрмыс-тіршілігінде жылқы мен түйенің орны ерекше болған. Түйе шөлге және ұзақ жүріске шыдамды болғандықтан, ежелгі және орта ғасырларда Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда керуендерінде, сондай-ақ мал қамымен көктеуге, жайлауға, күздеуге, қыстауға көшіп-қону кезінде негізгі көлік ретінде пайдаланылған. Жылқы да көшпенді қалықтың тұрмыс-салтына аса қолайлы көлік болды. 




Категория: География | Добавил: referat
Просмотров: 2125 | Загрузок: 335 | Рейтинг: 3.7/7 |
Всего комментариев: 0



Copyright MyCorp © 2016
Бесплатный конструктор сайтов - uCoz